Төтенше жағдай: Алматының кіреберісіне 27 блок бекет қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Блок бекеттерінде патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, "Гранит" полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.Қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" жүзеге асырылады, - деді әкім.Сонымен қатар карантин кезеңінде балабақшалар, азық-түлік сатпайтын сауда орындары, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.
Біз тұрғындарға алматылықтардың карантин талаптарын білуі, қаладан уақтылы шығуы және кіруі үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы толық және жүйелі түрде ақпараттар беріп отырамыз. Коронавирусқа қарсы қалалық штаб туындаған мәселелерді жедел қарап, шұғыл шаралар қабылдайтын болады, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Медициналық-әлеуметтік мекемелер карантинге жабылады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы