Тәртіп сақшылары бір-бірімен атысып, он адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Мексиканың оңтүстігіндегі Герреро штатында жергілікті күштік құрылымдар арасында қарулы қақтығыс болып, он адам қаза тапты, деп хабарлады Digital Guerrero.

Қанды оқиға жексенбі күні Параисо-де-Тепила елді-мекеніне барар жолда орын алған. Жергілікті полициямыз деп атайтын екі тарап арасында аталған ауданның қауіпсіздігін кім қамтамасыз ететіні жайында дау туындап, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. 

Билік өкілі Альварес Эредианың айтуынша, құқыққорғаушылар оқиға болған жерге келгенде көлік ішінде денесіне көптеген оқ тиген он адамның өлі денесін тапқан.

Штаттың прокуратурасы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, кінәлілер іздестірілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Ел демалып жатқанда
Өзгелердің жаңалығы