Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксты жеңіспен бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет жеңіске жетті. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Бокс кешінің негізгі карды аясында кәссіпқой бокста тәжірибелі Сағадат Рахманқұлов (6-1-0) пен әуесқой бокста атой салған Тұрсынбай Құлахмет кездесті. 

Жекпе-жек төртінші раундтан кейін тоқтатылды. Жарақат алған Сағадат кездесуді жалғастыра алмады. Сөйтіп, Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы мансабын сәтті бастады. 

Айта кетейік, әуесқой бокста 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа биыл жыл басында ауысқан. 

Ол 2019 жылы Азия чемпионатында, кейін ҚР Президенті кубогында жеңіске жетті. Екатеринбургте өтен әлем чемпионатында филипиндік Эумир Марсьяльдан жартылай финалда жеңілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы