Тұрмыста құқық бұзушылықтарға бейім адамдарды полицейлік тексеру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Маскүнемдік және алкоголизм халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, жеке бастың деградациясына, заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға, отбасылық қарым-қатынастардың криминалдануына және денсаулық пен елдің гендік қорына қауіп төндіруге әкеледі.
«Криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында еліміздің аумағында «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексеруде», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Операцияның бірінші күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 500-ге жуық фактісі анықталды, оның ішінде сенім телефондарына 16 өтініш келіп түсті, полиция қызметкерлері ЖПІШ барысында – 80 фактіні, қалған 300 фактіні тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының өз өтініштері бойынша анықталды.