Түрмеге есірткі кіргізбек болған жамбылдық тұтқындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз тұрғыны түрмедегі досына азық-түлікке қосып есірткі беріп жібермек болған жерінде қолға түсті.

Бұл туралы ҚАЖД ЖД 158/7 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
 

Қала тұрғыны тиым салынған затты шай ішіне жасырған. Осыдан екі күн бұрын ЖД-158/7 мекемесінің жедел-режим тобы азық-түлік пен қажетті заттарды жазасын өтеуші досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермекші болған 1977 жылы туған А. есімді азаматты ұстады. Бұл факт тінтіп-тексеру барысында анықталды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны өзге азық-түліктермен қатар целлофан қалтаға салмағы 1,5 келі түйіршіктелген шай алып келген. Ашып қарау барысында құрамынан белгісіз қою жасыл түстес өзіне тән иісі бар түйіршіктер табылды, – делінген хабарламада. 

Оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 Полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылып, сот химиялық талдамасына сәйкес тәркіленген зат 8 грамм "конопля" есірткі тектес өсімдігі екендігі анықталған. 
 

Қазіргі таңда күдікті  уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетелік, досына көмектесу үшін заңды айналып өтпек болған ер азамат бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бап 3 тармағына сай, яғни ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу бойынша істі болған. 12 жыл бас бостандығынан айырылса, аталмыш ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеп 2018 жылы ғана босатылған, – деп хабарлайды ҚАЖД ЖД 158/7 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы