Түрмеден қашқан қытайлық 17 жыл бойы үңгірде тығылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адамды ұшқышсыз аппарат анықтаған. Ол тұрған жерден көк түсті шатыр мен қоқыс үйінділері табылған, деп хабарлады korrespondent.net.
Қашқын 17 жыл бойы тәртіп сақшыларынан үңгірде тығылып келген. Ол Сун Цзян есімді бұрынғы полицей. Қылмыскер кезінде әйелдер мен бала саудасы үшін түрмеге отырғызылған болатын. Алайда 2002 жылы ол темір тордан қашып шыққан.
17 жыл бойы ол туған қаласынан алыс емес таулы аймақта өмір сүріп келген. Қашқынды үңгірдің ішінде ұстады.
Полицияның айтуынша, ұзақ жылдар бойы ешкіммен араласпағандықтан, оған сөйлеудің өзі қиынға түскен. Оны қайтадан түрмеге қамады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚазАТУ студенттеріне тегін картоп таратты
Өзгелердің жаңалығы