Түрксіб темір жолы құрылысының аяқталғанына – 90 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 сәуірде Түрксібтің Айнабұлақ станциясы аймағында түйіскен күніне 90 жыл толып отыр, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Міне соңғы рельс жұбы берілуде. Бір сәт және соңғы соққы! Дәл! Түйісу болды. Солтүстік пен оңтүстіктің төсеуші жүздеген жұмысшысы бір бірлерімен кездесуге асықты. Қуатты "Ура" әр кеудеден атқып шықты. Бұл ұмытылмас минуттар болды. Адамдар бір бірін жеңістерімен құттықтап, қауышып жатты. Ардагерлер қуаныштан көздеріне жас алды, - деп жазды "Гудок" теміржол газеті.
Бүгінде аты аңызға айналған Түрксібті қысқа мерзім ішінде адамдардың қолмен салып шығуы керемет сияқты болып көрінеді. Бұл жоталар мен тау өзендері, шөлді құмдар мен сусыз дала арқылы 1,4 мың км астам рельстік жолтабан. Жолды Ұлы Жібек жолының жалғасы деп санауға болады: оның бойында жаңа деполар, көпірлер салынып, байланыс жүйесі жолға қойылды. Қазір өскелең ұрпақ Түрксібтің тарихын, оны салушылардың ерліктері туралы білуі тиіс. Бұл Гиннестер Кітабына лайық рекорд. Түрксіб салушыларының даңқты дәстүрлері қазіргі жастар жалғастыруы керек, - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Консультативтік кеңесінің мүшесі, Құрметті теміржолшы Қалтай Сәмбетов.Ол кезде жол салуға келген мыңдаған адам сауатын ашып, жолшылар, машинистер, механиктер, байланысшылар техникалық мамандығына ие болды.
Көбісі нәтижесінде теміржолшылар әулетінің бастауы болды. Жаңа жолмен орталық-азиялық республикаларына көмір, ағаш, метал және астық, кері бағытта – мақта мен жүн артылған пойыздар жүре бастады. Темір жол ауыл шаруашылығы, тау–кен өндірісі, металлургия, мұнай өндірісі және өзге де салалар үшін жаңа перспективалар ашып, аймақтың дамуы үшін қуатты серпін берді. Жыл сайын Түрксіб бойынша тасымал көлемі айтарлықтай артты. Шөлді және шөлейтті жерлерде жаңа станциялар мен қалалар: Жаңа Семей, Шар, Жалғыз Төбе, Жарма, Аягөз және өзгелері пайда болды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Түрксіб мерейтойына арнап әр түрлі іс–шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Олардың көпшілігі онлайн, қашықтықта өткізіледі. Келесі ұрпақ темір жол тарихын естен шығармауы және құрметтеуі маңызды.