Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 31 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін қаза болғандардың саны 29 адам болып, 1466 адам зардап шеккені туралы айтылған болатын. Сонымен қатар 44 адамды үйінді астынан тірі алып шыққан, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Айта кетейік, 24 қаңтар күні Түркияның Элязыг облысында Сивридже қаласы маңында магнитудасы 6,8 балл жер сілкінісі болды. Кейін мамандар 4,0 және одан жоғары магнитудамен 228 афтершок тіркеген.
Жер асты дүмпулері Түркияның шығысындағы Адана, Хатай, Османия, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери облыстары мен Сирияның солтүстігінде сезілді.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болған еді. Соған байланысты Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Элязыг облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігерлер "ауру жұққан банандарға" қатысты түсініктеме берді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы