Түркиядағы жазғы демалыс туры қымбаттады

Астана, BAQ.KZ. Қазір Қазақстандықтар Түркияға бағытталған барлық турларды еуроға ауыстыруда. Көршлес ресейлік туроператорлар мен түрік қонақ үйлері өткен жылдың қараша айында жаппай еуроға ауыса бастаған болатын. Осыған орай, 1 қаңтардан бастап Түркиядағы жазғы маусымға сапарлар қонақ үй класына байланысты 10-нан 20 пайызға дейін қымбаттады.

Алайда, туристер әсіресе бұл өзгерістерді тек жазғы демалыстарда ғана ерекше сезінетін болады, деп хабарлайды «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорының бапасөз қызметі.

Түркиядағы демалыс құны долларға емес, еуроға бағынышты болады. Төлем бұрынғыдай теңгемен жүргізіледі, бірақ содан кейін еуроға аударылады.

Есеп айырысу валютасын өзгертудің негізгі себептерінің бірі - саяси аспект. Алайда, ресми себеп ретінде, көптеген түрік қонақ үйлерінің еуропалық нарыққа сәйкестендіріліп, еуроның есептеу валютасы ретінде «тұрақты және жұмсақ» болуымен түсіндірілуде. 

Қазақстан үшін демалуға лайықты елдер арасында Түркия бірінші орынға шыққан еді. Өткен 2018 жылы 148 мың қазақстандық демалыстарын Түркияда өткізген. Әзірге Түркиямен тек Мысыр бәсекелесе алады.

Сонымен қатар, Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей Наурыз мейрамы кезінде жақын маңдағы елдерге барып демалуды ұсынады. Өйткені, жол әрдайым қосымша қиындық туғызатыны анық.

«Көктемгі мереке - Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізетін керемет орындар ретінде Өзбекстан мен еліміздің оңтүстігіндегі Шымкентті ұсынар едім. Бұл екі жерде де көктемгі мереке аса жоғары деңгейде аталып өтеді. Еш өкінбейсіздер, оның үстіне ауа райы да өте қолайлы болмақ. Бірақ, егер біраз демалыс күндерін алып, көбірек демалуға мүмкіндік болса, Араб Әмірліктері мен Египетте жайбарақат бой жазып, денсаулығыңызды түзеп, теңіз суына шомылуға не жетсін», - деді И.Рай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы