Түркиядағы елшінің сөзі бұрмаланған – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркиялық БАҚ өкілдерінің Қазақстан елшісінің сөзін бұрмалаған.

12 желтоқсанда Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Қазақстанның осы елдегі төтенше және өкілетте елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай салтанытты жиын өткізген. Сонда екі елдің арасындағы қарым-қатынас туралы айтқан. Түркиялық БАҚ өкілдері оның сөзін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан.

Елшілікпен хабарластым. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені жергілікті журналистер басқаша түсінген. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткен шарада сөз сөйлеген. Сонда "Біз – екі бөлек мемлекетпіз. Бірақ тарихы, тамыры, мәдениеті бір халықпыз" деген сөзді жергілікті БАҚ сөзді бұрмалап басқаша таратқан. Кейбір БАҚ ақпаратты тексермей бере береді,  - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.
.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы