Түркияда Республика күнін тойлап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Түркияда Республика күні, деп хабарлайды 24.kz.
1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия Республикасы деп жариялады. Анадолы жерінің бас мерекесі мұнда бар сән-салтанатымен тойланып жатыр. Ал елдің бас қаласы Анкарадағы мейрам Ататүрік кесенесінде басталды. Бұл жердегі шараның алғашқы легі мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен саяси партия өкілдерінің қатысуымен өтті. Мұнда атаулы мерекелерді Ататүрік жатқан жерде атап өту бұрыннан дәстүрге айналған. Бұл күні әдеттегідей елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, шаһар орталықтарына қосымша сақшылар жұмылдырылады."Таңертең балаларымыздың Республика күніне арналған мерекелік шараларына қатыстық. Содан кейін отбасымызбен Ататүрік кесенесіне келдік. Бұл – бізде бір дәстүр. Баршамызды мерекемен құттықтаймын. Республикамыз жасасын. Мұстафа Кемал Ататүрік мәңгілік жадымызда болсын", - деді Анкара тұрғыны Эрдем Йылдыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы