Түркияда орманды алқаптан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның орманды алқабы өртке оранды. Бурса провинциясындағы алқаптар жалын құрсауында қалды, деп хабарлайды 24.kz.


Тілсіз жаумен күресуге 10-ға жуық тікұшақ пен өрт сөндіру топтары жөнелтілді. Алайда қатты желдің кесірінен қызыл жалын орманның біраз жерін жалмаған.

Соңғы ақпарға сәйкес, өрт  орманның 9 жерінде лаулап тұр. Әзірге оттың шығу себебі белгісіз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы