Түркияда бірнеше күнге коменданттық сағат енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халыққа арналған телеүндеуі кезінде коронавирус пандемиясына байланысты 1-3 мамыр күндері елдің 31 өңірінде үш күндік коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

1-3 мамыр күндері елдің 31 өңірінде үш күндік коменданттық сағат енгізілетін болады.
Жұма күні дүкендер сағат 09:0-14:00 аралығында ашық болады - деді Түркия басшысы.

Түрік билігі осындай шаралар арқылы инфекция жұқтыру деңгейін төмендетпек ниетте. Түркия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 110 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 

Бұл елде коронавирус індеті 10 наурызда Еуропадан оралған азаматталған анықталған. Содан бері елде инфекция жұқтырғандар саны110 мыңнан асып, 2805 адам қаза тапқан, ал, 29,1 адам жазылып шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы