Түркия тағы бір шіркеуді мешітке айналдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия үкіметі әйгілі Әулие Құтқарушы шіркеуі орналасқан Стамбулдағы Хор монастырын мешітке айналдыруға шешім қабылдады. Бұл туралы шешім мемлекеттік газетте жарияланды, деп хабарлайды ERT грек қоғамдық телеарнасы.
Әулие София соборы сияқты, монастырь ғимараты да ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы саналады. Ол Стамбулдың Фатих ауданында орналасқан.Монастырь алтыншы ғасырда, б.з. 534 жылы салынған. Стамбулдағы ең көне тарихи ескерткіштердің бірі. Ғимарат Константинопольді жаулап алғаннан кейін әулие София соборы сияқты 1511 жылы Кахрие мешітіне айналды.
Хор монастыры 434 жыл бойы мешіт ретінде пайдаланылып келген, ал, 1945 жылы министрлік шешімімен мұражайға айналды.
Түркияның жоғарғы әкімшілік соты - Мемлекеттік кеңес ғимараттың мұражайға айналуына әкелген 1945 жылғы министрліктің шешімін заңсыз деп есептеп, оны 2019 жылы мешітке айналдыру туралы қайта шешім қабылдады. Мемлекеттік кеңестің шешімі бүгінге дейін, яғни, Президенттің Жарлығы шыққан күнге дейін орындалған жоқ, деп хабарлайды телеарна.
Бұл өзінің шебер өрнегімен (фреска) танымал болған Комнин императорлары дәуіріндегі ең үздік византия ескерткіштерінің бірі. Ғимарат дін істері басқармасына беріледі және шіркеуден мешіт жасау үшін византиялық фрескалар өшіріледі деп күтілуде, - деп хабарлайды телеарна.
Айта кетейік, 2020 жылдың шілдесінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін Стамбулдағы әлемге әйгілі әулие София храмы Айя София мешітіне айналған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада екі бала түтіннен уланды
Өзгелердің жаңалығы