Түркия НАТО-ға көмекке жүгінуі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Сирия үкіметі әскерилерінің әуеден жасаған соққысынан Түркияның жиырмаға жуық жауынгері қаза тауып, көбі жараланды. Енді Түркия НАТО-ға әскри көмекке жүгінуі мүмкін, деп жазды The Financial Times басылымы.

Басылым қаза тапқандар мен жараланғандар жөніндегі мәліметке шекара маңындағы түркиялық провинция басшысы Хатай Рахми Доганға сілтеме жасайды. Соңғы айда Идлибте қаза тапқан түрік сарбаздарының саны 43-ке жеткен. 

Көптеген басылымдар Түркия енді әскери одақтасы НАТО-ның көмегіне жүгінуі мүмкін екенін жазып жатыр. Олар Солтүстікатлантикалық келісімдегі 5 бап бойынша әрекет етуді талқылауы мүмкін. Өйткені келісімде НАТО мүшелерінің біріне жасалған шабуыл бәріне жасалған болып саналады.

Көп ұзамай Түркия әскері Сирияға жауап ретінде жерден де, әуеден де соққы берді. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің байланыс жөніндегі басқарма басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия билігі сириялық режимнің адамзатқа қарсы жасап жатқан қылмысын тоқтатуға шақырып, "астаналық форматта" талқылауға шақырған болатын. Сондай-ақ идлиб мәселесі бойынша Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель де төрт жақты (Түркия, Ресей, Франция мен Германия) келісім жасауға үндеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы