Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта жанданады. Бұл туралы Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.
Кеше Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қарааймаилоглу 1 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы рейстердің басталатынын мәлімдеді.Газеттің хабарлауынша, Түркия рейстерді қалпына келтіру үшін 92 елмен келіссөз жүргізген.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы көктемдегі карантиннен кейін 20 маусымда қайта жанданды. Алайда, 4 шілдеде Қазақстанда COVID-19 індетінің күрт өсуіне байланысты рейстер тоқтатылған еді. 20 маусым мен 4 шілде аралығында 622 қазақстандық Түркияда демалды.
Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Түркияға туристік рейстерді 10 тамыздан бастап қайта бастау туралы жоспарын жариялаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы