Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұтас Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел.
Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті, деп мәлімдеді Milliyet елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел.
Еуропа елдері арасында коронавирус салдарынан болған өлім-жітім деңгейі ең төмен көрсеткіш Түркияда. Елдегі індеттің шарықтау шегі өтті. Шектеу шаралары сақталса, науқастар саны мамыр айының соңына дейін өспейді деп отырмыз, - деді Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа.
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырғандардың шамамен 60%-ы Ыстамбұлда тұрады. Жиырма миллион тұрғыны бар мегаполисте коронавирустың таралуын тежей алу - биліктің үлкен жетістігі. Сондай-ақ, елде вирус жұқтырғандардың шамамен 6% -ы медицина қызметкерлері.
COVID-19 індеті Түркияда алғаш рет 10 наурызда тіркелді. Ал, 24 сәуірде вирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соңғы 100 жылда су ресурстарын пайдалану алты есеге өскен
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы