Түркия қазақтары: «Елбасы бұл шешімді келешек үшін қабылдады»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Salihli Kазақ Kауымдастығы, Қазақ-Түрік қоры мен Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың ел президенті қызметінен кету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Біз, яғни Түркия қазақтары сіздің ел президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдағаныңызды естіп қамығып қалдық. Бүгінге дейін еліміз бен халқымыз үшін жасаған еңбектіріңіз сияқты қабылдаған осы шешіміңізді де халқымыз бен еліміздің келешегі үшін қабылдағаныңызға сенеміз.
Құрметті дара да, дана тұлға елбасымыз, ата жұртымыз сіздің көшбасшылығыңызда тәуелсіздігін алған күннен бастап күннен-күнге күшейіп, дами түсуде.
Әрине, бұл сіздің көреген саясатыңыз, халқы мен отанын әр нәрседен қымбат да жоғары тұтқан мемлекет қайраткері ретінде бүкіл талант пен күшіңізді сарқа жұмсауыңыздың арқасында іске асуда.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болғанына қарамастан сіздің теңгерімді саясатыңыздың нәтижесінде елде бейбітшілік пен келісім орын алып, халықтың ынтымағы жарасып отыр. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нәтижесінде еліміз қазіргі таңда Еуразияның жарқын жұлдызы, маңызды саяси актері болып отыр. Тіпті Таяу Шығыс елдері арасындағы келіспестікті реттеуші сенімді ел болып отыр.
Сол себептен де біз Қазақ елі, тек қана өз аймағында емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен бірліктің символы болып табылады деп ауыз толтырып айта аламыз. Сіз елбасы болған кезеңде дүненің түкпір- түкпіріндегі әр қазақтың «мен қазақпын» дегенді мақтанышпен, қаймықпай айта алатын дәрежеге жеткен кезең болды.
Сіздің осындай жарқын болашаққа бастаған ойларыныз Еуропа мен Түркиядағы біз қазақтарға бағыт беріп, жол көрсетіп, жөн сілтеуші болды, болады да.
Түркия мен Еуропа қазақтарының бүгінгі және келешек ұрпақтары үшін Қазақстан жарқын болашақтың үміт көзі болды.
Ата жұртымыздың көк байрағын көк аспанда еркін желбіреткен, күш-қуаты мықты, әлемге танымал, беделді мемлекетке айналуын, денсаулығыңыздың мықты, ғұмырыңыздың ұзақ болуын Алла тағаладан тілейміз.
Түркия Salihli Kазақ Kауымдастығы:
Шүкір Алi Ерен
Қазақ-Түрік қоры:
Фазыл Топлы
Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығы:
Шабан Серкан ДИНЧТҮРК