Түркия қазақстандықтар үшін шекараны жабады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматтарына алдағы екі аптада Түркияға кіруге тыйым салынды.
Түрік билігі Қазақстан азаматтарына екі апта бойы Түркияға кіруге уақытша тыйым салынғаны жөнінде Air Astana әуе компаниясын хабардар етті. Бұған 2 шілдеде жарияланған Қазақстанда карантиннің күшейтілуі себеп болып отыр. Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Анталия мен Ыстамбұлға рейстер Түркияда демалысы аяқталып, елге оралатын қазақстандықтарды алып келу үшін жалғаса береді. Түрік билігінің ақпаратына сәйкес, бұл шаралар – уақытша. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ, – делінген Air Astana компаниясының Facebook-тегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Елбасы және Ұлттық ұлан" кітабы жарық көрді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы