Түркия қарулы күштері Сирияда жаңа операция жүргізуге дайын екендіктерін мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар бүгін Сирияда жаңа трансшекералық операция жүргізу бойынша дайындық жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Habertürk телеарнасы хабарлады.
«Түркияның қарулы күштері өздерінің борышы ретінде барлық дайындық жұмыстарын аяқтады. Уақыты келгенде біз Манбиджеден шығыстағы Ефратқа дейін қажеттінің барлығын жасаймыз», - деді қорғаныс министрі.
Еске салсақ, Түркия президенті Тайып Эрдоған 12 желтоқсан күні жақын аралықта Ефраттың шығыс жағалауындағы күрдтердің «Халық қорғаныс күші» құрылымы мен «Демократиялық одақ» партиясына қарсы операция жүргізетінін мәлімдеген.
Түркия бұған дейін Сирия аумағында екі әскери операция жүргізген. Нәтижесінде шекара маңындағы Аазаз және Жараблус қалалары арасында қауіпсіз аумақ құрылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Еліміздің қай өңірінде пәтер арзан?
Өзгелердің жаңалығы