Түркістанның БАҚ өкілдері солтүстік өңірдің тыныс-тіршілігімен танысатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады. 

Басты мақсат - күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу.  Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінге дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды. Көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектермен барған азаматтардың барлығы қамтамасыз етілуде.

Аталмыш бағдарлама бойынша Түркістан облысынан қоныс аударушылар бағдарламаға қатысушылардың 60% құрауда.

Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге)мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Оның ішінде:

-22 отбасы,92 адам Қостанай облысына;

- 46 отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстаноблысына;

-94 отбасы, 282 адамСолтүстік Қазақстан облысына ;

-44 отбасы, 219 адам Павлодар облысына көшіп барды.

Қоныс аударған 683 адамның 287-сі еңбекке қабілетті болса, 204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам жеке кәсібін ашты. Ал қоныс аударған 75 тұрғын бала күтімімен айналысып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр.

Халықты ынталандыру мақсатында облысқа солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең- кезеңімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы 2018 жылға 8 топ, 151 жұмыс берушілер келсе, 2019 жылға 6 топ, 96 жұмыс берушілер облысымыздаболып, халыққа бағдарламаның тиімділіктерін түсіндірді.

Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында 2019 жылдың 24 мамырында республикамыздың Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңесі өткізілді.Аталған жәрмеңкеге 650 ден астам ниет білдіруші азаматтар қатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық ниет білдірушілер Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс- тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріпқайтты.

Қазіргі таңда халықты солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып, нәтижесінде облысымыздан қызығушылық тудырған тұрғындар саны артып, қоныс аударушылар көбеюде.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы