Түркістандықтар Контитуция күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында ҚР Конституция күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі - Ата заң» атты салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, Түркістан қаласының тұрғындары, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.«Биылғы жыл Ата Заңымыздың қабылданып, қолданысқа енгеніне 24 жыл толуда. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық даму үдерісін алға қойған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор жетістікке қол жеткіздік. Ендеше оның маңыздылығын арттыру, Ата Заңның аясында аянбай еңбек ету – мемлекеттің қарыштауына қосқан үлесіміз болып табылады. Барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге – жеміс, жанұяларыңызға жақсылық тілеймін!»- деді Өмірзақ Естайұлы.
Сондай-ақ, шарада ол облыста еңбегімен үздік атанған қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды.
Мерекелік жиында Түркістан облысының Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, облыстық опера және балет театрының әншілері, «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Тұмар», «Қазына», «Бисұлтан» би ансамбльдерінен құралған 150-ден аса өнерпаздар өнер көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер тікелей эфирде талқыланды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы