Түркістандық диқандар егін егуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың ортасында диқаншылықты бастады. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде. 

Егінді ерте бастаған Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен, - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде "Мақтарал" ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы