Түркістандық 500 тонна орамжапырақ Белорусь еліне экспорталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 тонна орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белорусь еліне аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде. Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді.Жүк көліктерінің жүргізушілері шекарадан еш кедергісіз өтеді. Бар болғаны тепловизормен дене қызуын тексереді екен.
Жалпы, Түркістан облысында биыл 300 мың тонна қырыққабат өндіру жоспарланып, онын 250 мың тоннасы экспортқа, 50 мың тоннасы ішкі нарыққа сату көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтааралдағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы