Түркістанда жерлерді тиімді пайдалану бойынша көшпелі семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің аудан әкімдерімен өткізген селекторлық жиынында облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі - үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін осыған орай, Түлкібас ауданында карантин режиміне сәйкес, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Шақпақ ауылдық округінде көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан әкімі Н.Байғұт, шаруақожалық төрағалары мен мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымсыз грант алатын азаматтар және аудан тұрғындары қатысты.Семинардың мақсаты - үй іргелік жерлерге израильдік технологияның енгізудің тиімділігін түсіндіру. Мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын тұрғындарға өз кәсібін ашуға бағыт-бағдар беру, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ету.
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес, аудан әкімі бастаған округ әкімдері мен семинарға қатысушылар тамшылатып суғару тәсілін орнатып, үй іргелік жеріне қызанақ отырғызған жеке кәсіпкер З.Рахматуллаеваның үйіне барды. Онда аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы семинарға қатысушыларға израильдік технологияның тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетіп, түсіндірді.
Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасынан жабайы шөп шықпайды.
Израильдік технология орнатылған егістік алқабында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымсыз грант алатын тұрғындармен сұқбат құрған аудан әкімі Н.Байғұт тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыларды пайдалана отырып, тұрмыстық жағдайын жақсартып алу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, көшпелі семинар барысында қатысушылар "Береке", "Империя", "Жарқынбек" және "Ақ биік" шаруақожалықтарының жұмысымен танысып, қажетті мағлұматтар алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Никола Пашинян: Біз қиын жағдайға тап болдық
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы