Түркістандағы мал базарынан аю табылды
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының ауылдық мал базарында темір торға қамалған жабайы аю табылды. Бұл жөнінде өңірдегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі порталы хабарлайды.
«Түркістан облысының Сайрам АПД «102» жедел желісіне жергілікті тұрғын хабарласып, Сайрам ауданының Қарабұлақ аулында орналасқан мал базарының аумағындағы малдарға арналған қамақта аю жатқанын жеткізді. Келіп түскен хабарлама бойынша Сайрам АПД табиғатты қорғау полициясының, Түркістан облыстық аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 метр металл тордың ішінде ашық қоңыр түсті жабайы аю бар екені анықталды», - деді департаментті.
Жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін жануарларды қорғауға бағытталған ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі уақытта аю Шымкент зообағына жеткізілді», - деді полицейлер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы