Түркістанда терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері салафиттік идеологияны насихаттап, жиһадтық ұстанымды қолдаған күдіктіні ұстады.
1964 жылы туған Түркістан облысы Келес ауданының тумасы аудан аумағы мен әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған. Жергілікті имамдарды тыңдамай, қарсылық білдірген. Радикалды өзбек уағызшысы Абдуали қоридің идеологиясын қолдаған. Күдіктінің үйін тінту барысында 8 діни кітап табылды. Олардың барлығы Абдуали қоридің кітаптары. Ұсталған азамат ҚК 256-бабы 2-тармағы бойынша, яғни терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру бойынша айыпталып отыр, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы