Түркістанда мұражайларға онлайн саяхат ұйымдастырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастар арасында тарихи мекендер мен мұражайларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында тың жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Менмұңдаланған музейлер» жобасы аясында онлайн саяхаттары ұйымдастырылып отыр.

Онлайн саяхат барысында Отырар ауданы Шәмші ауылында жуырда ғана ашылған, қазақ ән әлемінің падишасы Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші үйі» мұражайынан тікелей түсірілім көрсетілді. Оқырмандарға композитордың өмір жолы мен бөлмесіндегі әрбір заты туралы қызықты деректері айтылды.

Онлайн саяхатты 5000-ға жуық жас тамашалап, қызықтырған дүниелер туралы сұрақтарын қойды.  Бұл бастама алдағы уақытта да жаңа форматтармен ұйымдастырылатын болады. 

Апта сайын облыстағы тарихы терең, қойнауы кең мұражайлардың ішіне саяхат жасап, ондағы құндылықтармен жекелей таныстыруды қолға алдық. Бұл жобаның бір ерекшілігі – смартфон арқылы-ақ музей ішін аралауға болатыны және ондағы ақпараттардың желіде сақталатыны, – деді Түркістан  облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай.

Жоба аясында Түркістан қаласы тарихи-мәдени этнографиялық музейге қарасты Н.Оңдасынов және Н.Төреқұлов пен С.Ерубаев атындағы мұражайлардан тікелей эфир жүргізіліп, желі оқырмандарына рухани демалыс ұйымдастырылды.

 облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы