29 Қазан 2019, 12:05
Түркістанда такси жүргізушісін бопсалағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушісін бопсалап, ұрып-соққан екі жігітті ұстады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушісін бопсалап, ұрып-соққан екі жігітті ұстады. Бұл туралы аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар такси жалдап, кейін жүргізушісін ұрып-соғып ақша талап еткен. Жүргізуші болса жүріп келе жатқан көліктен секіріп түсіп, қашып полиция бөліміне келген.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Шымкент таксопаркінде жүргізуші болып істейтін Ордабасы ауданының тұрғыны келіп арызданған. Ол екі жас жігіт оны ұрып, 600 мың теңге талап еткенін айтқан.
"Полицейлер күдіктілер такси қызметіне жүгініп, оларды Қазығұрт ауылына парауды өтінгенін анықтады. Жолда олар такси жүргізушісіне пышақ кезеп, ақша талап еткен. Кейін ұра бастаған. Сол кезде такси жүргізушісі жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, жол-жөнекей көлік тоқтатып, полиция бөліміне жетіп, болған оқиғаны айтып берген. Полицейлер күдіктілер айдап кеткен көлікті іздеуге кірісті. Зардап шеккен жүргізушінің көлігін оқиға болған жерден 40-50 км қашықтықта Сарыағаш ауданынан тапты", - делінген хабарламада.Жедел-іздестіру барасында күдіктінің біреуін Қордай ауылынан тапқан. Екінші күдікті Шымкент қаласында жалдамалы пәтерден табылған. Ұсталған екі азамат та Сарыағаш ауданының тұрғындары болып шықты. Екеуі де жұмыссыз. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 15.08.2026