Түркістанда Президент "Сапар" орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сапар" орталығы биыл іске қосылған өңірдегі маңызы зор нысан.  Қазақстан Президентіне туристік нысандарды бірыңғай электронды билетпен қамту жүйесі, туристерге ұсынылатын маркетингтік ақпарат және аудиогид материалдары жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы көлемі 2092 шаршы метр аумақты алып жатқан орталықта 54 адам жұмыс істейді. Олар Түркістанға келген туристерге бағыт-бағдар беріп, қажетті материалдармен қамтып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ хандығы" атты залда орналасқан экспозициялармен танысты. Сонымен қатар Президент қолдан жасалған көне кілемдердің көрмесін аралап көрді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы