Түркістанда пневмония өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталуда, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде COVID-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдауда. Теріс нәтиже шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. Тексеру барысында коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығуда, - делінген хабарламада. 
Статистика бойынша, қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 121 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан. 
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 14 маусымдағы жағдай бойынша 129 КВИ анықталды, оның 62 жазылып шықты. 32 науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Барлық КВИ ошақтарында дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, - делінген өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы