Түркістанда «Нұрлы жер» аясында 231 мың шаршы метр үй салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метр болатын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде, биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда."Біз бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатуымыз керек", - деді Өмірзақ Шөкеев ҚР Жолдауды іске асыруға арналған облыс актив жиынында.
Биыл Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.
2019 жылы қаңтар-шілде айының қорытындысымен Түркістан облысы бойынша барлығы 2950 пәтер тапсырылды, оның ішінде: 136 пәтер -қызметтік тұрғын үй (7,7 мың ш. м.); 840 пәтер - арендалық тұрғын үй (56,5 мың ш.м.); 41 пәтер - арендалық тұрғын үй (3,5 мың ш.м.); 1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы (268,7 мың ш. м.).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы