Түркістанда Меймандостық университеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Халықаралық туризм және меймандостық университетінің салтанатты ашылуы өтті.


Университет Орталық Азияның ежелгі тарихи қалаларының бірі - үлкен туристік әлеуетке ие Түркістанда орналасқан. Университеттің ашылуы online-форматта өтті.

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Ө.Шүкеев, Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары - «Жібек жолы» Халықаралық туризм университетінің ректоры А.Абдухакимов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В.Самек, және университет ректоры М.Мурзамадиева құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған спикерлер университеттің дамуына, халықаралық ынтымақтастық саласында қолдау көрсетуге уәде берді.

Жаңа университет Қазақстан Республикасында туристік қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды.

Туризм және қонақжайлылық саласындағы мамандарды даярлау үшін халықаралық деңгейдегі Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған университетті ашудың маңыздылығын атап өткен жөн.

 Оның түлектері халықаралық стандарттың қос дипломын - қазақстандық және шетелдік серіктес университеттен алуға мүмкіндік алады. Бірлескен білім беру бағдарламалары туристік бизнестің нақты қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді және «3 + 1» схемасы бойынша ең жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген. Оқытушылар құрамына қазақстандық және шетелдік профессорлар пулы, туризм және сервис саласындағы жетекші компаниялардың топ-менеджерлері кіреді, - делінген ақпаратта.
Атап айтқанда, университетте Халықтар достығы университетінің (Ресей), Жібек жолы университетінің (Өзбекстан), сондай-ақ Түркия, Грузия, Швейцария университеттерін профессорларын тарту туралы келісімшарттары бар. Мұның бәрі университет студенттеріне жоғары деңгейдегі теориялық білім алуға және оны шетелдік тәжірибеден өтуге, соның ішінде БҰҰ Дүниежүзілік Туризм Ұйымында (UNWTO) қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы