Түркістанда "Мейірім шуағы" акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" бастамасымен ерікті жастар коммуналдық жұмысшылар мен құрылысшыларға қамқорлық көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық қоғамдық даму басқармасымен ұйымдастырылған "Таза әлем" жобасы аясындағы акцияда еріктілер Түркістандағы әрбір нүктелерде тараған жұмыскерлерге, құрылысшыларға тәтті бәліштер мен ыстық кофе тарту етіп, күндеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, жастар орталығының қызметкерлері мен волонтер жастар қала тазалығына жауап беретін жұмысшыларға қолқабыс етті.
Жұмысшылардың істеп жатқан жұмыстары өте маңызды, өйткені, таңғы 4-5 тен тұрып ауа-райының қолайсыздығына қарамай, қаланың тазалығы мен сәулеті үшін еңбек ету қандай құрметке болсын әбден лайық.
Бұл ретте "Таза әлем" акциясы арқылы жастардың үлкендерге деген құрметі мен қалаға деген сүйіспеншілігін ұғындыру көзделген. Айта кету керек, аталмыш шара, дәстүрлі түрде жыл сайын әр түрлі мезгілде, аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді.