Түркістанда амфитеатр пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Рухани астана тұрғындарының игілігіне біршама уақыттан соң амфитеатр ғимараты қызмет көрсететін болады. Осы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланған.


1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз – 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысқа жауапты «АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов  жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталататындығын жеткізді. 


Жалпы, Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып,  сыйға тартпақшы. Соның бірі – амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы