Түркістанда 100 мың тал отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері егіледі.
Өткен 2018 жылдың күз айында қаланың негізгі көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына 46 000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6 жерден терең ұңғымалы скважина қазылған болатын.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарланған ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге атсалысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік ұйымдар мен қала жастарының күшімен егілді.
Сонымен қатар, Түркістанның кіреберіс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды. Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы