Түркістанда 1 аудан, 6 елдімекенге карантин енгізілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға сәйкес, 1 аудан, 6 елдімекенге карантин енгізілген. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шектеу шаралары енгізілгендердің қатарында 2 медициналық мекеме және 3 тұрғын үй де бар. Олар: Жетісай ауданы, 6 елдімекен – Ордабасы ауданы, Бадам, Дербес елдімекендері, Сарыағаш ауданы, Еңкес елдімекені, Сайрам ауданы, Қосбұлақ, Ханқорған ауылдары, Арыс қаласы, Наурыз елдімекені.Емдеу мекемелерінен – Жетісай ауданының обсервация орталығы, Жетісай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық госпиталі, Ленгер қалалық ауруханасының инфекциялық госпиталі карантинге жабылған.
Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылы, Әбдіхалық е/м, Ақберен көшесі, №41 үй, Жетісай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №67/3 үй, Жетісай қаласы, Ерубаев көшесі №5/3 үй тұрғын үй; 3 көше – Мақтаарал ауданы, Атакент е/м, Н.Төреқұлов – А.Пушкин, Н.Төреқұлов – Желтоқсан, Ғ.Мұратбаев – А.Пушкин көшелері карантинге жабылды.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда коронавирус инфекциясының 38 ошағы анықталды
Өзгелердің жаңалығы