Түркістан жолдарында "Bus line" жолағы жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Bus line" – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. 

Жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобильдер де жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.

Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат болмайды. Жаңа жоба тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ, - делінген ақпаратта.

Жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады. Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдардың жартысына жуығында тасжол төселді. Жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы