Түркістан жолдарын жөндеуге 8 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында биыл 68 көше жаңа кейіпке енеді деп жоспарланған. Дәл қазір олардың бойымен жаяу жүргіншілерге арналған және велосипед жүретін жолдар төселіп жатыр. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
Құрылысшылар қаланың басты көшесін алты жолаққа дейін кеңейтуге кірісті. Оның ұзындығы шамамен 5 шақырымдай болады. Жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс.
Одан бөлек, биыл 50-ден астам көше абаттандырылады. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 320 миллион теңге қарастырылған. Қаражат есебінен облыс орталығында шам бағаналары орнатылып, көгалдандыру ісі атқарылады.
«4 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз, Түркістан қаласындағы негізгі көшелерде 4 жолақты, салмағы 13-14 тонна аралықтағы ауыр салмақтағы көліктерге есептелген жолдар салынады. Бізде 250-ге жуық жұмысшы мен 100-ден астам ауыр техника жүмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар 60 пайызға анықталды», - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдолла Оразбеков.