Түркістан: Төтенше жағдайға орай тарифтер төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлеріне тариф бағасын төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдай кезеңінде келесі коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

1) "Мақтаарал-Сервис" МКК-і сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше
метрге ҚҚС-сыз (НДС) 41,82 теңгеден 39,73 теңгеге дейін немесе 5%-ға төмендетті;

2) "Темиржолсу Арыс" ЖШС-і су тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 51,95 теңгеден 49,87 теңгеге дейін немесе 4%-ға арзандатты;

3) "Уранэнерго" ЖШС-і сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 58,84 теңгеден 52,96 теңгеге дейін немесе 10%-ға түсірді;
- суды бұру қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 30,29 теңгеден 27,26 теңгеге дейін немесе 10% -ға төмендетілді;

4) "Түркістан-Су" МКК-і барлық тұтышылар үшін тарифтерін төмендеткен, атап айтқанда: халыққа сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 51,09 теңгеден 48,19 теңгеге дейін немесе 5,7%-ға түсті;

- бюджеттік мекемелерге сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 147,55 теңгеден 139,19 теңгеге дейін немесе 5,7% -ға арзандады;

5) "Энергопоток" ЖШС-і электрмен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 кВт/сағатына 13,86 теңгеден 13,44 теңгеге дейін немесе 3%-ға түсірді.

Бұдан басқа, осыған дейін Түркістан облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болған берешектер үшін тұтынушыларға төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және қоғамдық маңызы бар салаларындағы қызметтерді тоқтатпау бойынша департамент тарапынан ұсыныс хат жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы