Түркістан полицейлері жол бойында жүрген сәбиді анасына табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Берік Палходжаев жол бойында 2 жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді.


Осы бойынша полицей  бүлдіршіннің  ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл  іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде  балақайдың  анасын тауып, аман-есен тапсырды. 

2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне  шексіз алғысын білдірді.

Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Баланың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы