Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол апатынан 3 адам қаза тапты. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде, деп хабарлайды Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 16:38 шамасында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында "ВАЗ" және "Мазда" автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапты (1 ер адам " ВАЗ " жолаушысы және екі әйел "Мазда" жолаушылары). Жедел-жәрдем көлігінде тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді. "ВАЗ" автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде.
Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы