Тауда жоғалған қызды құтқару жұмысы сәтті аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сайрам су шатқалындағы «Сары айғыр» тау шыңына 16 адамнан тұратын альпинистер тобы тауға шыққан.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жаңбыр, тұман) уақытша орналасқан жерге оралғанда, араларында Ақтөбе қаласының тұрғыны, 2001 жылы туылған қызды жоқ екендігі анықталған. «112» пультына орын алған дерек туралы хабарлама сағат 04.45-те түскен", - делінген таратылған ақпарата.


Шұғыл әрекет ету нәтижесінде 02.05.2019 жылы сағат 07.40-та Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен (4 адам, 1 бірлік техника) жоғалған қыз шамамен 5 шақырым арақашықтықтан табылған, жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы