Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың үйлерден шығуы шектеледі, деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.

Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. 
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді. Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшеді, - делінген ақпаратта.
Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі.
Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді, - дейді әкімдіктегілер.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы