Түркістан облысындағы ахуал жайлы жаңа деректер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 23 адамда коронавирус індеті расталды.
Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны коронавирус инфекциясынан 4 сәуір күні қайтыс болды, деп жазады coronavirus2020.kz.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы