Түркістан облысында сүт фермасының кірпіші қаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың бастамасымен жүзеге асқан семинар - кеңесте 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасының кірпіші салынды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталмыш цех Кентау қаласы Шаға ауылында 2020 жылы іске асады. Жобаның құны 3 652,6 млн теңге. Ашылатын тұрақты жұмыс орны 100 адамды құрамақ. Жылына 4500 т экстра класты сүт өндіру жоспарлануда. Ғылым мен білімге негізделген жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР АШМ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми институттар басшылары, ғалымдар, басқарма басшылары, аудан/қала әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиында әр аудан мен қаладан әкелінген өнім түрлерінен көрме өтті. Семинарда Түркістан қаласы азық-түлік белдеуі шеңберінде, су нысандары бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері таныстырылды.Семинар-кеңестің ашылуында сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Үкімет тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында өңірде аграрлық салаға үлкен басымдылық беріліп отырғандығын атап, бұрын Түркістан жасыл желекті қала болғанын, соны қалпына келтіру мен демалыс аймақтарды көбейту қажеттігін айтты.
"Республикалық семинар-кеңесте жаңа технологияларды қолданып, бүгінде мол өнім алған шаруалар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шаруалардың басым көпшілігінде су мәселесі өзекті болғандықтан, облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңда кешенді жоспар аясында ағын су мәселелерін шешеу мақсатында жалпы құны 29,3 млрд теңге құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталған", - делінген таратылған ақпаратта.
Жалпы аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі ұлғайып, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету деңгейі жақсарылмақ. Мәселен, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Шара аясында «Түркістан – Агро XXI» ЖШС-нің «1200 басқа арналған сүт тауарлы фермасы» кешенінің іргетасына капсула орнатылды. «Rota Guido» италия технологиясымен жұмыс істейтін жобаның жалпы құны құны 3,7 млрд теңге. Серіктестік жобаның алқашқы кезеңін 2020 жылдың тамыз айында толығымен іске қосуды жоспарлауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кофехана қызметкері ақша толған сөмкені иесіне қайтарып берді
Өзгелердің жаңалығы