Түркістан облысында қоғамдық орындар дезинфекциялануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР территориясында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.

Осыған орай, Түркістан облысында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша барлық шаралар қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.


Соның бірі ретінде адам көп жиылатын қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау, санитарлық талаптарды қалыптастыру мақсатында облыс орталығындағы бірқатар қоғамдық орындар дезинфекцияланып, залалсыздандырылуда. 


Түркістан облысының дезинфекция орталығының мамандары қала аумағындағы "Асанбай ата" мешіті, "Яссы" автовокзалы, М.Мәметова атындағы №6 орта мектеп мен орталық "Қуаныш" базары сияқты орындарға арнайы құралдардың көмегімен дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. 


Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы сұйықтықтар мен дәрілер сеуіп, аталмыш нысандарды толығымен залалсыздандырды.


Сонымен қатар, арнайы мамандар осы нысандар аумағындағы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.


Аталған жұмыстар күн сайын тұрақты түрде қаланың барлық аумағында жүргізілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы