Түркістан облысында мұнай көзі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram каналында хабарлады.
Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылған. Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылған. Бұдан тыс, бұрғылау кезінде мұнай қабыршақтары бөлініп шықты, - делінген ведомствоның хабарламасында.Шоқпақтан мұнай белгілері - Қазақстан тауларынан табылған алғашқы мұнай әрі Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды.
Бұған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған. Олардың ең ірілері – Амангелді және Придорожное кендері. Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай іздеудің өзектілігі арта түсті. Учаскелерді барлау және бұрғылау жалғасады, - дейді мамандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында жыл соңына дейін екі оңалту орталығы ашылады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы