Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы "Қапланбек" шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған "Сарыағаш" қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz

Өзбекстан Республикасына жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда ҰҚТ қызметкерлері қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, алдыңғы әйнектерін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша ұстады.

 Барлығы 13 күдікті анықталды. Олар – Түркістан облысының тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде қару, пышақ және ақша тәркіленді. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы