Түркістан облысында АӘК алатын 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына жұмыс сапармен келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Түркістан облысы Сайрам, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларындағы бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде болды.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында жергілікті тұрғындармен кездесіп, атаулы әлеуметтік көмек алып жеке кәсібін ашқан бірнеше отбасының тілшілігімен танысты. Түркістан облысында еңбекке жарамды АӘК алушы 40 711 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6690 адам кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін ашқан.
Сондай-ақ, әлеуметтік сала қызметкерлерімен болған жиында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеттінің төрағасы 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі мен әлеуметтік кепілдендірілген пакеттің іске қосылатыны жайлы айтылды. Алдағы уақытта жұмыс дәл осы жоспарға сәйкес жүреді. 2019 жылы облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалпы 70,8 млрд.теңге бөлінген. АӘК 109,6 мың отбасындағы 632,8 мың адамға 65,9 млрд теңге тағайындалды.
2020 жылы жылдан бастап төленетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі үш бағытты қамтиды. Көп балалы отбасылар жеке санатқа шығарылып, оларға кепілдендірілген жәрдемақы төленеді. Яғни, көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен арылады. Көпбалалы отбасылар табысына қарамастан АӘК алады. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды еңбекке ынталандыру жүзеге асуда. Сондай-ақ, барлық атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет енгізілді. Болжам бойынша, облыстағы көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну арқасында 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 56% -ға төмендеп, облыс халқы санының 14 пайызын құрайды